Бірер аптадан кейін төрткүл дүниенің киокушин шеберлері асыға күтіп отырған абсолютті Жапония чемпионаты басталады.

Бұл каратэден әлем мықтысын анықтайтын жылдың басты бәсекесі. Бұл сынға Қазақстан атынан 2 спортшы қатысуға мүмкіндік алды. Яғни, ерлер арасында Нұрлыхан Садвакасов, ал, қыздар арасында Аина Болат ел намысын қорғамақ. Қазір қос спортшы да білікті мамандардың қадағалауымен қызу дайындалып жатыр.