Осу, 21.04.2019 жылы Алматы облысы Шамалған ауылының Үшқоңыр қазақ орта мектебінде РҰККФ Алматы облысы филиалының ұйымдастыруымен Киокушинкай-кан каратэден кезекті көктемгі емтиxан (кю тест) болып өтті. Аталған іс шараға Алматы облысынан түрлі белбеулерге дәлірек 10 кю дан бастап 5 кю ға дейінгі  каратэшілер қатысты.

Емтиxанды (кю тест) РҰККФ өкілі және жастар арасындығы ұлттық құрама бас бапкері Абжанов Дастан Дүйсенбайұлы (III дан) қабылдады. Кю тестке қатысушылар жақсы теxника, шыдамдылық және жігерлілік таныта білді. РҰККФ Алматы облысы филиал басшылығы кю тесттің жоғарғы деңгейде өтуіне қосқан үлесі үшін сэнсэй Дастан Дүйсенбайұлына алғысын білдіреді және бүгінгі көктемгі емтиxанға қатысқан барлық каратэшілерге алдағы уакытта үлкен жетістіктерге жетіп биік шыңдарды бағындыруды тілейді.