4-5 ақпан аралығында Қызылорда қаласында Республикалық Ұлттық Киокушинкай-кан каратэ федерациясының вице-президенті, қара белбеу 3 дан иегері Абилкаиров Сайранбек Ербатырұлының басшылығымен оқу-жаттығу жиындары өтті.

Оқу-жаттығу жиынына облыстан барлық саны 50-ге жуық спортшы қатысты. Сайранбек Ербатырұлының шеберлік сабақтарына балғын спортшылар аса зор ынтамен келді. Жиын кезінде балалар каратэ шеберінен тәжірибе алып, көптеген жаттығулардың қыр-сырын түсінді. Аталған сабақтардан кейін балалардың каратэге деген қызығушылықтары артып, спортқа деген құлшыныстары көбейе түскені анық. Сондай-ақ жиын уақытында балалар кезекті емтихандарын тапсырып, өздерінің сәйкес белбеулеріне ие болды.