2018 жылдың 1-ші маусымында Көкшетау қаласындағы «Абылай хан» алаңында Халықаралық балалар күніне орай Ақмола облысының филиалы Киокушинкай-кан каратэден мерекелік іс-шара болды.

Мұндай іс-шара 1994 жылдан бастап жыл сайын дәстүрге сай Ақмола обылсының филиалында каратэден өткізіліп тұрады, жəне де биыл осы салт-дəстүрді Ақмола облысының спортшылары жиырма жетiншi рет өткізіп отыр. Бұл іс-шараға 200-ден астам спортшы қатысты. Өз өнерлерін паш еткен жас талантардың жасы 4 — тен басталды! Осылайша Халықаралық балалар күніне орай ұйымдастырылған киокушинкай-кан каратэшілер алаң алдында ел-жұртқа «тамасивари» яғни, қатты тақтайшаларды жалаң қолмен сындыру әдісі сондай-ақ, каратэнің қолдану әдіс тәсілдерін көрсетті.
Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэі федерациясының бірінші вице президенті Әлімжан Қайратұлы, Ақмола облысының жетекшi бапкерi Такенов Азамат Айдарханулы және Ақмола облысының бас төрешiсi бастаған бiр топ балалар мен жасөспірімдер қатысып өз шеберліктерін көрсетті. Осылайша киокушинкай-кан каратэ спорт түрі елімізде күн санап өркендеп дамып келе жатқаны көңіл қуантады.
Бұл іc-шараны «Спорт — нашақорлыққа қарсы!» атты девизімен өткізуіміздің Басты мақсаттарының бірі 16-17 маусым аралыгында отетин «Азия Чемпионатына» катысушыларына колдау корсету мақсатында шенге шығу және салауатты өмір салтын насихаттау жəне де Көкшетау қаласында киокушинкай-кан каратэ спорт түрін дамыту.