6-7 ақпан аралығында Оңтүстік Қазақстан Облысының Шымкент қаласында Республикалық Ұлттық Киокушинкай-кан каратэ федерациясының вице-президенті, қара белбеу 3 дан иегері, ҚР спорт шебері Абилкаиров Сайранбек Ербатырұлының басшылығымен семинар өтті.

Семинарға және емтиханға барлық саны 50 бала қатысты. Семинар барысында балалар емтихан тапсырып, сынақтардан сүрінбей өтіп өзінің дайыдықтарын көрсетті. Сонымен қатар, шеберлік сабақтары балалардың есінде көп уақытқа қалатыны сөзсіз. Сайранбек Ербатырұлының каратэ сабақтарынан кейін балалар жақсы әсер алып, каратэнің қыр-сырына бойлай түсті. Семинардан кейін спортшылар өз ісінің шебері болуға бір қадам жақындай түсті.