Құрметті Омархан Нұртайұлы, Сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!!!

Республикалық Киокушинкай-кан Каратэ Федерациясының ұжымы сізді еңбекте беделді маман, абыройлы жетекші, қаталдығы мен әділдігі жарасқан білікті басшы ретінде үлгі тұтады.

Бүгінгі төл мерекеңіз – туған күніңізде отбасыңызға бақ-береке, өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, Отанымыздың игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз.

Өзіңізге қонар бақтың баяндысын, шаңырағыңызға шаттықтың орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз! Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыңыздан таймай, әлі де талай асулардан аса беріңіз!

Құрметпен, Республикалық Киокушинкай-кан

Каратэ Федерациясының ұжымы