Бүгін 2017 жылдың 7 шілдесінде Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан Каратэ Федерациясының жаттықтырушылар құрамы мен спортшылары Ақмола облысы, Ақкөл қаласындағы «Боровичок» балалар үйіне барып қайтты.

Іс-шара мақсаты — ата-анасыз қалған балалардың өзіне деген сенімділіктерін арттырып, шығармашылық мүмкіндіктеріне жол ашу.

Өкінішке орай, өмірімізде балаларын қараусыз қалдыратын ата-аналар бар. Ондай балалар көбісі айналадағы адамдарға сенімі аз, өздерінің тастанды екендерін өте қатты сезінеді. Бұның себебі — балаға тек қана АНА бере алатын, шексіз, риясыз МАХАББАТТЫҢ жетіспеуінде.
Кездесу кезінде каратэшілер шеберлік сабақтарын көрсетіп, конкурстар ұйымдастырып, бүлдіршіндер батутта асыр сала секіріп бір қуанып қалды. Асық ату, дартс, арқан тарту, футбол, стритбол, көңілді старт спорттық жарыстары ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер ән мен биден өнерлерін ортаға салды. Мерекені ұйымдастырған ҰРККФ ұжымымен балалар қуана-қуана араласты. Мұндағы әр бала ыстық ықылас пен көңілге зәру болды. ҰРККФ соның орынды толтыруға барын салды. Кездесу аяғында балаларға футбол, волейбол, баскетбол доптары және басқа да сыйлықтар тарту етілді.
Әрине, ешқандай байлық ата-ананың махаббатын алмастыра алмайды. Дегенмен, ел болып бұл балалардың әрқайсысы біз үшін маңызды екенін білдіру керекпіз. БАЛА-ЕЛ БОЛАШАҒЫ, БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ!