Аталған іс-шараға Талғар, Іле, Жамбыл, Қарасай
аудандарынан 150-ден астам спортшылар қатысты.

Алматы облысының чемпионаты мен біріншілігі Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен және Алматы облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы мен ҰРККФ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтті.

Жарыстың басты мақсаты және міндеттері:
1. Алматы облысында Киокушинкай-кан каратэ спортын танымал ету
2. Болашақ ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу
3. Салауатты өмір салтын насихаттау
4. Спортшылардың шеберлігін көтеру

Алматы облысының чемпионаты мен біріншілігінің ашылу салтанатында Алматы облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының басшысы Ержан Мұратұлы мен Қарасай ауданының №2 БЖСМ директоры Қайрат Шарипович сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есеп жеңімпаздары:

1 орын-Қарасай ауданы
Алтын-25 дана
Күміс-13 дана
Қола-25 дана

2 орын-Іле ауданы
Алтын-1 дана
Күміс-5 дана
Қола-6 дана

3 орын-Талғар ауданы
Алтын-1 дана
Күміс-3 дана
Қола-3 дана

Құттықтаймыз!