Сәуірдің 22 күні Семейде Киокушинкай-каратэден ұлдар, қыздар, жасөмпірімдер және жастар арасында «Барыс Кубогі» Семей қаласының чемпионаты өтеді.

Сайыс Дастенова 34 көшесінің 343 аумағында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде өтеді. Жарыста 150-ге тарта қатысушы бақ сынайды деп жоспарлануда. Семейлік спортшылардан бөлек, Ресейден (Барнауыл қаласы) және Қазақстанның бірнеше қалаларынан жас каратэшілер келіп қатыспақ. Аталмыш сайыс алдағы болатын облыс біріншілігі және Қазақстан Республикасы біріншілігінде бақ сынайтын үздіктерді анықтау мақсатымен өтеді. Жарысқа 5 пен 17 жас аралығындағы спортшылар қатыстырылады. Мұнда осы спортпен енді айналыса бастағандар және тәжірибелі каратэшілер жарыс жолына шықпақ.