Акцияның басты мақсаты — көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы балаларға мектепке қажетті керек-жарақтарын жинауға көмектесу болып табылады.

Балаларға бояулар, қарындаштар, сурет салу альбомдары және т.б. заттар сыйға тартылды. Баланы мектепке даярлау оңай емес, ал отбасында екі және одан да көп мектеп оқушысы болғанда бұл жағдай қиындай түседі. Акцияны ұйымдастырушы Республикалық Ұлттық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясының Ақмола облысы филиалы.