Құрметті, жігіттер, әріптестер!

7 Мамыр – Отан қорғаушылар күні. Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілеймін. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын. Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілеймін. Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілеймін. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын. Әрдайым нәзік жандарға тірек болып, алақандағы гүлдеріңізді аялап жүріңіздер. Биік шыңдардан көрініңіздер!

Еңбектеріңізге зор табыс, абыройлы мадақ тілеймін. Арман-тілек,мақсаттарыңыз шындыққа айналсын. Ұжымға зор денсаулық,қажыр-қайрат, биік мақсат, бақыт әрдайым жолдас болсын. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр берсін!

 

Ізгі ниетпен: ҰРККФ президенті

Оксикбаев Омархан Нұртайұлы