Сіздерді алдағы келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Жеңіс күні – ол халықаралық ұлы мереке, өйткені оны бүкіл халық болып, соғыс жылдарын еске ала отырып, қуаныштан тамған көз жасымен Сіздердің Жеңістеріңізді мерекелейміз. Шынында, сұрапыл соғыстағы сол бір Ұлы Жеңіс аса қиындықпен келгенін біздер жақсы білеміз, ол күндер тарих болып көз алдымызда тұрақтайды.

Қазіргі бейбіт өмірді бізге сыйлаған соғыс ардагерлеріне алғысымызды айта отырып, олардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін кейінгі ұрпақ жалғастыра берсін дейміз.

Отан үшін от кешкен, туған жерді жанындай қорғай білген ардагерлеріміздің ерліктерін мақтан етіп, жүрегімізге толықтыра түскен қуанышты бағалай білейік! Ендігі жерде соғыс болмасын, жер үстіндегі халқымыз бақытты, ғұмырлы күй кеше берсін!

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасына аманшылық, ұл-қыздарыңыздың, немере-шөберелеріңіздің қызықтарын көре беріңіздер, жанұя бақытын тілейміз!

Ізгі ниетпен: ҰРККФ президенті

Оксикбаев Омархан Нұртайұлы