Қадырменді спорт сүйер қауым!

Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан Каратэ Федерациясының ұлттық құрамасы мүшелерінің 27 қаңтарда Украинаның Одесса қаласында өткен Әлем Чемпионатындағы керемет жетістіктерімен құттықтаймын! Барлығымыз бұл тамаша жеңістер легін қуанышпен қабылдадық! Сіздер табандылық, спорттық шеберлік және қажымас кайрат танытып, осы халықаралық жарыста біздің еліміздің мерейін үстем ете білдіңіздер!
Елбасының салиқалы саясаты мен спортқа деген жанашырлығының арқасында жастардың xалықаралық ареналарда өнер көрсетуіне қазыргі уақытта зор мүмкіншіліктер туып отыр.
Қазақстандықтардың және жеке жеңістеріңізбен құттықтаймын! Сіздердің жеңістеріңіз елдің жас спортшылары үшін лайықты үлгі болары анық. Қайсарлық, өршілдік, жоғары спорттық шеберлік және жеңіске деген құлшыныс таныта отырып , Қазақстанды дүниежүзілік ойындарда лайықты таныта білгендеріңізге рақмет! Бұл жеңістер үлкен жеңістерге апарар жолдың тағы бір белесі болсын. Денсаулық, бақыт және спорттық сайыстарда табыстар тілеймін.

Саналы ғұмырларын осындай ұл-қыздарды тәрбилеуге арнап келе жатқан- спортшыларды, ұстаздарды, бапкерлерді, ата-аналарды шын жүректен құттықтаймын! Аянбай теккен тер, еңбектеріңіз ақталды. Зор табыстар тарихында сіздердің қалдырған іздеріңіз әрдайым спортшылар мен халқымызға қуат береді. Төзім мен тәрбие, ілім мен үйреткен білімдеріңіз жемісін беруде. Сіздерге құрыштай берік денсаулық, отбасы амандығын және берекелі ғұмыр тілеймін!