Аталмыш жарыста аккредиттелген төрт федерацияның ең үздік спортшылары қатысады. Бұл, Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясы (KAN), Шинкиокушинкай (WKO), KWF, IFK ұйымдарының өкілдері.
Ережеге сәйкес аталмыш жарысқа әр аймақтан бір федерациядан 1 спортшы ғана қатыса алады.

Қазақстан Республикасы KWU чемпионатының басты мақсаты — Қазақстанның барлық киокушинкай каратэ федерацияларын біріктіру, еліміздің үздіктерін анықтау.
Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Қазақстан, Азия, Европа және Әлем біріншіліктерінде жеңіс тұғырларынан көрініп жүрген еліміздің атақты спортшылары бір-бірімен сайысқа түсіп, мықтыны анықтайды.

Бұл чемпионат жекпе-жек әуесқойлары үшін, нағыз мереке болмақ.
Қазақстан Республикасы KWU чемпионатының қатысушыларына шынайы және мәмілесіз жекпе-жек тілейміз. Жарысқа қатысу үшін ақпаның 15-не дейін kwu.kazakhstan@gmail.com поштасына өтінім беру қажет.