Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан федерациясының президенті Оксибаев Омархан Нұртайұлының Тәуелсіздік күнімен құттықауы.
«Құрметті қазақстандықтар, спортшылар мен спорт сүйер қауым!
Сіздерді еліміздің әр азаматы үшін айтулы да маңызды — Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Бостандық пен еркіндіктің символы болып келетін осы салтанатты күні сіздерге зор денсаулық, бақ-дәулет пен ырыс тілеймін.
Республикамыздың тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, әрі бастамаларыңыз сәтті болсын!
Көк байрағы желбіреген, абыройлы да айбынды, ынтымағы жарасқан Қазақстанымыздың тәуелсіздігі баянды болғай. Дәулетіміз шалқып, береке-бірлігіміз жараса берсін!»