Бүгінгі жарысқа Қаскелең және Талғар қалаларынан, сонымен қатар, Ұзынағаш, Үшқоңыр, Үштерек, Жандосов және Жамбыл ауылдарынан 11-7 кю аралығында 150-ге жуық спортшылар қатысты.

Біріншілігінің ашылу салтанатында Қарасай ауданы, Жамбыл ауылдық округінің Әкімі — Еламан Саматұлы мен ҰРККФ Алматы облыстық филиал басшысы — Бекжан Батырбекұлы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!