1-ші маусым Халықаралық балалар күніне орай Көкшетау қаласында балалар арасында Киокушинкай-кан каратэден мерекелік ісшаралар болып өтті. Мұндай ісшара жыл сайын дәстүрге сай Көкшетау қаласында каратэден өткізіліп тұрады. Осылайша Халықаралық балалар күніне орай ұйымдастырылған киокушинкай-кан каратэшілер алаң алдында ел-жұртқа «тамасивари» яғни, қатты тақтайшаларды жалаң қолмен сындыру әдісі сондай-ақ, каратэнің қолдану әдіс тәсілдерін көрсетті. Осындай РНФККК киокушинкай-кан каратэ президенті Әлімжан Қайратұлы бастаған топ және балалар мен жасөспірімдер қатысты. Каратэ көрсетіліміне қатысқандарға РНФККК киокушинкай-кан каратэ президенті Әлімжан Қайратұлы белбеу алатын каратэшілерге сертификаттарды табыс етті. Осылайша киокушинкай-кан каратэ спорт түрі елімізде күн санап өркендеп дамып келе жатқаны көңіл қуантады.

Фотоотчет »