Аталмыш іс-шараға KYOKUSHINKAI-KAN, SHIN, KWF, IFK федарияларынан 500-ге жуық спортшы қатысып өзара бақ сынасты.
Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті Оксикбаев Омархан Нұртайұлы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Карибек Даулет Жамаубаевич, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жүнісбеков Нұрбол турнирдің ашылу салтанатына арнайы келіп спортшыларға сәттілік тілеп, рухани күш, жігер сыйлады.