9 мамыр Ұлы Жеңіс күнің ұлықтау мақсатында Астана қаласы әкімдігі мен «Ұлттық спорт түрлері және бұқаралық сауықтыру, дене шынықтыру клубы» МКҚК ұйымдастыруымен «Азия парк» ОСО басталып, Қабанбай батыр даңғылы бойымен «Алау» мұзайдыны сарайына дейін Астана қаласының Киокушинкай – кан каратэ федерациясының спортшылары жүгіріп өтті. Салауатты өмір салтын насихаттауға Бұл бұқаралық жүгіріске 350 ге тарта каратэшілер қатысты.

Негізгі атаулы ісшараның мақсаты: Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спортты дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру, «Астана-есірткісіз қала» өңірлік бағдарламаны іске асыру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Спортпен шұғылданған өскелең ұрпақтың қашанда қай уақытта болмасын өрісі биік болатыны сөзсіз.

Фотоотчет »