Бүгін РҰККФ – ның жасөспірімдер құрамасының бас жаттықтырушысы Имашев Азамат Болатұлының туған күні. Туған күн иесін жыл басы, 6 қаңтар күнгі туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жанұя бақытын тілейміз. Еліміздің спорт саласына қосып жатқан  еңбегіңіз жана берсін, жаңа табысқа жете беріңіз.

Сіз жанұяның жанашыр тірегі, аяулы әкенің бірісіз, ұлағатты ұлдарыңыздың ақылшы асқар тауы, бағыт-бағдар беруші ұстазысыз, Құдай қосқан жарыңызбен бірге сол алтын асықтай ұлдарыңыздың қызығын көріп, қуанышына бөлене беріңіздер, қосағыңызбен қоса ағарыңыз демекпіз.

Жаңа жыл жаңа бақыт, шат-шадыман қуаныш, бақыт сыйласын, осындай қос тойыңыз қабат, екі тойыңыз абат болсын. Жасыңызға жас қосып, әр күніңіз күлкі мен қуанышқа толы болсын. Шәкіртіңіз көп болсын, жемісіңіз де, жеңісіңіз де аста-төк болсын.

Ізгі тілекпен: РҰККФ ұжымы