14 наурыз 2015 жылы, Белоруссия Республикасының Гродно қаласында, Белоруссия Ашық чемпионаты өткізілді. Жарыс Еуропаның және Азияның 6 мемлекетін (Белоруссия, Қазақстан, Ресей, Украина, Молдова, Польша) жұдырықтастырды. Осы жарыста, Қазақстан құрама командасын Сенсей Игорь Лим (III дан) басшылығымен «Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясының» Қарағанды облысының филиалы көрсетіп, жақсы нәтижемен оралды. Қазақстан құрама командасынан барған үш спортшының үшеуі де жүлделі орынға ие болды, олар: 1 орын — Гарас Никита, 2 орын — Абдрахман Иса 3 орын Тронягин Александр. Біз спортшыларымызды даусыз жеңіспен шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Фотоотчет »