2016 жылғы 3 сәуірі күні Көкшетау қаласының триатлон бойынша ОРОМБЖМ-ның  ғимаратында  жасөспірімдер және қыздар, юниорлар, ерлер және әйелдер арасындағы Киокушинкай-кан каратэдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Жарыстың салтанатты ашылуы рәсімі 3 сәуір күні сағат 12.30 болады.

Жарыстың  негізгі мақсаттары мен міндеттері: Жастарға жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға баурау; дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмір салт қағидаларын енгізу; дарынды жас спортшыларды ашу; ҚР үлттық құрама сапын қалыптастыру; сонымен қатар Елбасының спорттың бұқаралық түрлерін дамыту туралы жолдамасын жүзеге асыру.

Жарысқа жалпы басшылықты ҚР мәдениет және спорт министірлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті жүзеге асырады, жарысты ұйымдастыру мен өткізу жұмыстарын және  Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясының Ақмола облысының филиалы  атқарады.