Құрметті Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан Каратэ Федерациясының ұжымы, бапкерлері және түлектері!!!

Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мерекесі. Осынау айтулы мерекеде барлықтарыңызға зор денсаулық, сарқылмас күш, табандылық, жігер тілеймін. Келер жылда жеңіске деген, табысқа деген құлшыныстарыңыз күннен-күнге артып, еліміздің абыройын асқақтата беріңіздер! Асуларды бағындырып,белестерді еңсере түсіңіздер! Айқын мақсат,күш-жігер мен тайсалмас қайсар мінез тілеймін. Көктемнің шуағы жүректеріңізге нұр құйсын. Жандарыңызға жылулық, шаттық алып келсін.

Ұлы күні айтылған жақсы тілектер Сіздерді ұлы істерге, қарқынды дамуға бастасын.

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті –