Құрметті Омархан Нұртайұлы, Сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!!!

Өзіңіз басқарып отырған Республикалық Киокушинкай-кан Каратэ Федерациясының ұжымы сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады.

Жастарға, соның ішінде спортшыларымызға, спортсүйер қауымға көрсетіп отырған қамқорлығыңызды ыстық жүрегімізбен қабыл алып, зор қошеметпен риясыз алғысымызды жеткіземіз.

Бүгінгі төл мерекеңіз – туған күніңізде отбасыңызға бақ-береке, өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, Отанымыздың игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз.

Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!!!

 

Құрметпен, Республикалық Ұлттық

Киокушинка