Ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні Тараз қаласының «Казфосфат» спорт сарайында Шинкиокушинкай каратэ түрінен облыстық ашық біріншілік өтті. Жарысқа облыстан 120 дан аса спортшылар қатысты. Сол жарысқа Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан Федерациясы атынан Жамбыл облысының тоғыз жас жеткіншектері қатысты. Жарыс қортындысы бойынша Тасыбек Динмухаммед,Турысбеков Алмас, Манап Ернар, Датка Куаныш, Манап Санжар, Сейтимов Мустафа бірінші орынға ие болса, Пернебек Бекнур, Кемелбекова Камила екінші орынды қанағат тұтты, ең жас каратэшіміз Асылбек Бейбарыс үшінші орынға ие болды.

123

Жарыс біздің каратэшілер үшін сәтті болды. Барлықтарын шын жүректен құттықтаймыз!

 Авторы: Шейренов