Ағымдағы жылдың 30 мамыр күні Халықаралық балалар күні мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласының №7 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде киокушинкай-кан каратэден «Алан клубының Кубогі» турнирі өтті.
Аталмыш сайыста 300-ге жуық спортшы бақ сынасты. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласының 20-ға жуық командалары, қонақ ретінде Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының спортшылары қатысты.
Жалпыкомандалық есепте үздік болғандар:
1 орын – «Сардар» (Көкшетау қ.)
2 орын — «Алан» клубы
3 орын — «Айбар» клубы
Қатысушылар керемет жекпе-жектер өткізіп, жақсы техника мен киокушин рухының шынайы күшін көрсетті. Үлкен бәсекелестіктің арқасында әр санатта үздіктер анықталып, басты олжаға қол жеткізді.
Турнир барлық санитарлық талаптарға сай, көрермендерсіз өтті.