Жаттығу жиындары ҰРККФ ерлер мен әйелдер құрама командасының бас бапкері Такенов Азамат пен жастар құрамасының бас бапкері Абжанов Дастанның жетекшілігімен өтуде.

Оқу-жаттығу жиыны негізгі жаттығу үрдісіне қарағанда спортшылардың қарқынды дайындалуының есебінен, спортшылардың физикалық деңгейін және шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар, спортшылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтады.