Байрақты бәсекеде жасөспірімдер, қыздар, ерлер мен әйелдер санатында сынға түсіп, ұлттық құрама мүшелері анықталады.

Жарысқа еліміздің әр облысынан іріктеуден өткен ең үздік спортшылар ката және кумите бөлімдері бойынша сынға түседі.

Қазақстан Республикасы чемпионатының тікелей көрсетілімі «KAZKARATE KZ» YouTube арнасында жүргізіледі.