2017 жылдың  26 қараша күні киокушинкай-кан каратэден Оңтүстік Қазақстан облысының ашық чемпионаты жоғары деңгейде  өтті.

Бұл чемпионатқа 115 спортшы татами үстінде өнерлерін көрсетті. Жарыста жеңіс тұғырына шыққан балалар, қыздар, жасөспірімдер медаль, мадақтама, кубоктармен марапатталды.

Чемпионаттың ашылу салтанатында Республикалық Ұлттық Киокушинкай-кан каратэ федерациясының  Оңтүстік Қазақстан облысының филиалы атынан №4 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне спорттық сыйлықтар табысталды.