Бүгін Талдықорған қаласында Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының жиналысы өтті.

Жиын барысында ҰРККФ президенті Өксікбаев Омархан Нұртайұлы Жетісу облысы филиалының президенті — Бақытнұр Бақытұлы, филиал басшысы — Әлішер Алтайұлын тағайындады.

Сонымен қатар, жиналысқа ҰРККФ вице-президенті Әбілқайыр Сайранбек Ербатырұлы, ҰРККФ Бас хатшысы Хамзин Азамат Мұқантайұлы, Жетісу облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Бақытұлы Бақытнұр, Жетісу аудандық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Үшкемпіров Алмат Тоқтарбекұлы, Жетісу ауданы жасөспірімдер спорт мектебі басшысының жекпе-жек түрлері бойынша орынбасары Уалиев Айдос Тұрсынбекұлы, ҰРККФ Жетісу облысы бойынша филиалының басшысы Ахметжан Әлішер Алтайұлы, ҰРККФ Алматы облысы бойынша филиалының басшысы Сунбеков Бекжан, ҰРККФ Алматы филиалының басшысы Омарғали Алмаз, ҰРККФ Жетісу облысы бойынша филиалының жаттықтырушысы Ахмадиев Әсет Талғатұлы, ҰРККФ Жетісу облысы бойынша филиалының жаттықтырушысы Шегебаев Фарход Фахриддинович, ҰРККФ Жетісу облысы бойынша филиалының жаттықтырушысы Шегебаев Феруз Фахриддинович, ҰРККФ Жетісу облысы бойынша филиалының жаттықтырушысы Торғаев Даулет Мағауияұлы қатысты.