Спорт күнімен барша қазақ жұртын, әріптестерімді, спортшыларды құттықтаймын.

Жас жеткіншіктер ел мәртебесін биіктете берсін. Аталған салада жүріп, қашанда қалың елдің үмітін мен тілегін арқалап, ел мен жер абыройын қорғай білетін азаматтар мен азаматшаларды, сондай-ақ спорт әлеміне енді ғана қадам басып жатқан жастарды, біздер үшін үлкен үлгі болған спорт ардагерлерін мерекелерімен шын жүрегіммен, әріптестік ниетіммен құттықтаймын!
Баршасына қажымас қайрат пен мықты денсаулық тілеймін! Алдымыздағы спортшы ағаларыма, қатарластарыма темірдей денсаулық тілеймін. Нәтижеге жеттік қой деп қарап отырмай, үнемі жаттығуларын тоқтатпасын!
Күллі спортшыларды шын ниетімізбен құттықтай отыра, ақ ұлпа тілегімізді арнаймыз. Жеңісті күндер көп болсын! Азаматтарымыз аттан, қазанымыз оттан түспесін!