Аталған іс-шараға Қырғызстан мемлекетінен, Астана және Алматы қалаларынан, сонымен қатар  Қарағанды, Ұлытау, Абай, Жетісу, Жамбыл және Алматы облыстарынан 300-ден астам спортшылар қатысты.

«KASKELEN CUP-2023» Республикалық турнирі Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен және Алматы облыстық Бұқаралық спорттық  іс-шараларды өткізу орталығы мен Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтті.

Жарысымыздың ашылу салтанатында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері-Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы, Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясының Вице президенті-Сайранбек Ербатырұлы және ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» басшысының орынбасары-Азамат Болатұлы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыстың қорытындысы бойынша, жалпы командалық есеп:

1 орын-Алматы облысы
Алтын-18 дана
Күміс-18 дана
Қола-46 дана

2 орын-Алматы қаласы
Алтын-18 дана
Күміс-13 дана
Қола-20 дана

3 орын-Жетісу облысы
Алтын-5 дана
Күміс-10 дана
Қола-14 дана

«KASKELEN CUP-2023» Республикалық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлердін құттықтаймыз!