21-22 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында «ASPAN» спорт кешенінде киокушинкай, шинкиокушинкай каратэден жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының біріккен чемпионаты өтеді.
Осы Республикалық Чемпионатта аккредиттелген төрт федерацияның ең үздік спортшылары қатысады. Бұл, Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясы (KAN), Шинкиокушинкай (WKO), KWF, IFK ұйымдарының өкілдері.
Ережеге сәйкес аталмыш жарысқа әр федерациядан бір санаттағы ең мықты 4 спортшы ғана қатыса алады. Қазақстан Республикасы Біріккен чемпионатының басты мақсаты — Қазақстанның барлық киокушинкай каратэ федерацияларын біріктіру, еліміздің үздіктерін анықтау.
Киокушинкайдың жанкүйерлері, әуесқойлар және жаттықтырушылар, өз ісінің кәсіпқой мамандарының жекпе-жектерін көруге асыға күтуде. Татами төрінде бұрын Халықаралық додаларда, Азия Чемпионаттарында, Европа және Әлем біріншіліктерінде жеңіс тұғырларынан көрініп жүрген еліміздің атақты спортшылар кездеседі.
Чемпионат барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, көрермендерсіз өтеді, сондай-ақ онлайн режимде «KAZKARATE KZ» YouTube каналында көрсетілетін болады.
Бұл чемпионат жекпе-жек әуесқойлары үшін, нағыз мереке болмақ.
Қазақстан Республикасының Біріккен Чемпионатының қатысушыларына шынайы және мәмілесіз жекпе-жек тілейміз. Тек мықтылар жеңіске жетуін тілейміз! ОСУ!