13 қараша күні Алматы қаласы, “Спартак” спорт кешенінде киокушинкай-кан каратэден «ALMATY CUP-2021» ашық турнирі өтті.
Аталған іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысынан 200-ге жуық спортшы қатысты.
Спортшыларымыз киокушин рухын биік деңгейде көрсетіп, керемет жекпе-жектер өткізді!