Ақкөл қаласындағы №1 балалар үйінің базасында өткен көңілді старт ойындарына балалар үйінің тәрбиеленушілерінен 4 команда қатысты.
Командалар секіру, жүгіру, спорттық, ақыл-ой қабілеттерін және дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретін бірқатар күрделі жаттығулар жасады.
Жарыстың барлық кезеңдері күрделі болғанымен өте қызықты өтті. Қатысушылардың жеңіске деген ынтасы соншалық, олар жарыстың қалай тез өткенін де байқамай қалды. Барлық спортшылар мәре сызығына бірінші жету үшін бар күштерін салды.
Команда қатысушыларының ептілігі, жылдамдығы мен жасампаздығы арқасында «Сенши» командасы көңілді старт ойындарының жеңімпазы атанып, «Сэйкен» командасы екінші орынды иеленді, ал «Спарта» командасы үшінші орынға жайғасты. Көңілді старт ойынындары нағыз спорт мерекесі болды!
Барлық командалар грамоталармен марапатталды. Көңілді старт ойындары жағымды эмоциялар мен естен кетпес әсер қалдырды. Командаларды тамаша нәтижелермен құттықтаймыз және оларға спортта толағай табыстар тілейміз!
Шараны «Samruk-Kazynа Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен Ұлттық Киокушинкай-кан каратэ федерациясы өткізді.