Қазан айының 21-і күні Алматы қаласында өткен киокушинкай-кан каратэден Қазақстан Республикасының чемпионатының ашылу салтанатында Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан Каратэ Федерациясының президенті Оксикбаев Омархан Нұртайұлы «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.
Аталған марапатқа федерацияның ұжымы Омарxан Нұртайұлының қысқа уақытта білікті басшы ретінде Қазақстандағы киокушинкай-кан каратэнің жаңа, қарқынды дамуына қосқан үлесін бағалай отырып жасалған ұсынысының нәтижесі болып табылады.
Марапаттауды Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов жүргізді.
«Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудағы көп жылғы және жемісті еңбегі, спортшыларды, спортты насихаттағаны және Қазақстанның спорттық өмірін ақпараттық тұрғыда қолдағаны үшін дене шынықтыру-спорт жұмысында ерекшеленген және денешынықтыру мен спортты дамуға қосқан үлесі үшін өзге де адамдар марапатталады.
Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясының ұжымы
Омархан Нұртайұлына шын жүректен зор денсаулық, қызметте табыс, береке мен шаттық тілейді!