Месяц: Декабрь 2022

Құрметті қазақстандықтар!

Берекесі мен сынағын қоса ала келген барыс жылының аяқталуына санаулы сәттер қалды. Баршаңызды шын жүректен жаңа жылмен құттықтаймын! Өткен жылға өкпе жоқ, ал келер жылдан күтер үмiтiмiз де, тiлер тiлегiмiз де жетерлiк. Жаңа жылды қашанда алдағы уақыт көшінен қуаныш, жақсылық, жағымды жаңалық күтетін, өткен өмір жолымызға есеп беретін, келешек бағыт-бағдарымыз бен мақсат-міндеттерімізді белгілейтін мереке ретінде асыға күтеміз. Жаңа жылда Сіздерге игілік пен ізгілік, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін. Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры қашанда берік, туы биік болсын! Жаңа 2023 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Құрметпен қоғам және мемлекет қайраткері, Ұлттық республикалық киокушинкайкан федерациясының президенті Омархан Нұртайұлы...

Подробнее

Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан карате федерациясы Астана қаласы филиалының басшысы болып Жанат Мейрамұлы тағайындалды.

Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан карате федерациясы Президентінің бұйрығымен Имашев Азамат Болатұлы Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан карате федерациясының вице-президенті лауазымына, Жеңіс Даурен Қайратұлы Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан карате федерациясының атқарушы директоры лауазымына, Мусин Жанат Мейрамұлы Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан карате федерациясының Астана қаласы филиалының басшысы лауазымына...

Подробнее

2022 жылдың 23 желтоқсанында Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясы ұжымдық қорытынды жиналысын өткізді.

Жиын барысында ҰРККФ президенті Омархан Нұртайұлы әр филиалдың атқарған қызметтеріне жеке-жеке көңіл бөліп, келер жылға тың жобалар мен жоспарларды жүзеге асыруды алға қойып, Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясы ұжымының алдағы қызметіне сәттілік...

Подробнее

Ағымдағы жылдың 27 желтоқсан күні Қонаев қаласында 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Алматы облысының барлық спорт түрлерінен үздік спортшылары мен үздік жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті.

«Хан тәңірі» атты спортшылар сыйлығында, Киокушинкай-кан каратэ спорт түрі бойынша, Максутов Рысбек-Әлем чемпионатының күміс жүлдегері «үздік спортшы» деп танылды. Сонымен қатар, Киокушинкай-кан каратэ спорт түрі бойынша, ҚР чемпиондары мен жүлдегерлерін, Азия чемпионы мен жүлдегерлерін және Әлем чемпионатының жүлдегерін тәрбиелеп жатқан-Сүнбеков Бекжан Батырбекұлы «үздік жаттықтырушы» деп танылды. Алматы облысының әкімі-Марат Елеусізұлының дипломымен және қаржылай сияқымен Алматы облысының спорт басқарма басшысы-Нұрбақыт Молдахметұлы Максутов Рысбек пен Бекжан Батырбекұлын...

Подробнее