2016 жылдың 4-ші қыркүйегінде Республикалық Ұлттық Киокушинкай-кан Федерациясының Ақмола облысының филиалы Көкшетау қаласы құрамасының бапкерлері және шәкiрттерiнiң қатысуымен Шихан Әлiмжан Қайратұлы бастаған баспасөз жиыны өттi. Бұл жиынның басты мақсаты оқушылардың оқу-жаттығу жылы басталуына байланысты бапкерлердің қандай бағытта жұмыс атқаруы жөнінде талқылау, әсiресе спортшылардың арасынан жаңа чемпиондар тәрбиелеу туралы болды! 

Бұл баспасөз жиыны өз мәресiне жеткеннен кейiн, ең басты мәртебелі және көптен күткен ерекше сәт десек артық болмайтын марапат болды. Ол киокушинкай-кан каратэден Қазақстан Республикасының спорт шебері  атағына ие болган спортшыларымызбен бірге қара белбеу  иегерлерін кұттықтау сәтi болды! 

Сонымен қатар Ақмола Облысы филиалының бас бапкерлерінің шешімі бойынша, әр жексенбі сайын барлық бапкерлер мен шәкірттердің қатысуымен кем дегенде бiр