12-13 қараша аралығында 2016 «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған, балалар, жасөспірімдер, кадеттер, ерлер мен әйелдер арасында киокушинкай-кан каратэден Қазақстан Кубогы үшін жарыс өтті.

Киокушинкай-кан каратэнің бұл беделді жарысына, Астана және Алматы қалаларынан Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ жарыстың қожайындары Атырау облысының спортшылары қатысты.

Сонымен қатар Қазақстан Кубогі аясында 8 жастан 11 жасқа дейінгі балалар мен кіші жастағы жасөспірімдер арасында Атырау қаласында ашық Республикалық турнир өтті.

Қазақстан Кубогі үшін өткен жарыста 12 жастан бастап 18-ден жоғары жастағы 350-ге жуық қатысушы татамида жауынгерлік рухты және жекпе-жек өнерінің техникасын жақсы деңгейде көрсетіп, жеңімпаз болуға тырысты.

 Қазақста