1-ші маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақмола облысының филиалы киокушинкай-кан каратэден мерекелік іс-шара өткізді. Мұндай іс-шара жыл сайын дәстүрге сай Ақмола облысының филиалында өткізіліп тұрады, жəне де биыл осы салт дəстүрді Ақмола облысының спортшылары жиырма бесінші рет өткізіп отыр, яғни биыл Ақмола облысының киокушинкай-кан каратэ федерациясының 25 жылдық мерей тойы. Бұл біз үшін зор мақтаныш пен қуаныш! Осылайша Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған киокушинкай-кан каратэшілер алаңы алдында ел-жұртқа «тамасивари» яғни, қатты тақтайшаларды жалаң қолмен сындыру әдісі, сондай-ақ, каратэні қолдану әдіс-тәсілдерін көрсетті. Осы іс-шара Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті Әлімжан Қайратұлы бастаған топ және балалар мен жасөспірімдер қатысып өз шеберліктерін көрсетті. Осылай шакиокушинкай-кан каратэ спорт түрі елімізде күн санап өркендеп дамып келе жатқаны көңіл қуантады.

Авторы: Азамат Такенов

Rate: