Жарыстың Ережесі

Положение турнира

Ағымдағы жылдың 6 қараша күні №2 ООРМБЖМ спорт залында балалар, жасөспірімдер арасында киокушинкай-кан каратэ бойынша Қызылорда облысының ашық біріншілігі өтеді. Ашық біріншіліктің басты мақсаттары Қызылорда қаласында киокушинкай-кан каратэ спорт түрін дамыту және жетілдіру, салауатты өмір салтын насихаттау, қатысушылардың спорттық шеберлігін жетілдіру болып табылады.

Жарысты ұйымдастыру және өткізу Республикалық ұлттық киокушинкай-кан каратэ федерациясының Қызылорда облыстық филиалына жүктеледі.