Шілде айының 2-сі мен 9-ы аралығында киокушинкай-кан каратэ спортының Астаналық танымал «Тайсалма» клубының, яғни менің 26 шәкіртім және Әлішер Карменов бастаған «Арxат» клубының 5 каратэші балалары жусан иісі аңқыған, өзімнің туып өскен, таза ауасын жұтып, құмы мен көгалына аунап, атқа шауып шымырланған Қорғалжын ауданының Үшсарт ауылында жазғы жаттығу жиынында және белсенді демалыс лагерінде болып қайттық. 9 күн көзді ашып жұмғанша өте шыққан ауылдағы өткізген күндерімізден өмір бойы естен кетпейтіндей керемет әсер алып, ауылдан кеткіміз келмей, қимай қайттық. Ауыл өмірінің өзіндік ерекшелігі, таң атқаннан күнбатқанға дейінгі ауыл тұрғындарының күйгін тіршілігі әсіресе қаладан ауылға алғашқы рет барған жас балаларға өте қызық болды. Қаладағы зиянды планшет, теледидар, компьютер, интернет алдында чипсы, суxарики жеп газдалған сусын ішіп босқа өткізетін уақыттарын таза ауаға, қаймақ пен қымызға, жаңа пісірілген ыстық нанға, даладағы ойын-сауық, асыр-сайранға