Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілейміз! Жылдың әр күні Сіздерге және жанұяларыңызға тек қана жақсылық пен игілік әкелсін! Көктемдеріңіз ешқашан таусылмасын, ал жүректеріңіз жағымды әсерлер мен шынайы сезімдерге толы болсын! Ардақты бапкер ханымдарымыздың ісі алға басуымен қатар, жүректерінің жылулық, мәңгілік сұлулыққа толуын тілейміз. Ал сұлулығымен елді баураған жас бойжеткен арулар өзге де бағалы байлықты, яғни өз ісінің жемісін көрсін дейміз! Шаттық, Бейбітшілік, Үйлесімділік және Қайырымдылық жандарыңызда болсын әрдайым! Жыл бойы осы бір көктемгі мерекелік көңіл-күйден арылмағайсыздар! Жандарыңыз тек қана нәзіктікке толсын, сондай-ақ сіздерге мол бақыт, табандылық, сәттілік пен жеңіс тілейміз! Әр басқан қадамдарыңызға гүл бітіп, айналаға шуақ шашып, жадыраған жаздай құлпыра беріңіздер!!!

 

Құрметпен ҰРККФ-ның президенті О.Н.Окс