Өткен демалыс күндері Республикалық Ұлттық Киокушинкай-кан Каратэ Федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан табиғат аясындағы оқу-жаттығу жиынына 24.kz телеарнасының тілшісі Аслан Каженов арнайы репортаж жасау үшін қатысты. 9-31 шілде аралығында Ақмола облысының Зеренді ауданының Қарлықөл ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан қыратты жердегі орман алқабында 21 күн бойы өтетін жазғы жаттығу лагері елімізде алғаш рет ұйымдастырылуда. Қазақстан Республикасы құрама командасының 50 ден астам каратэшілері күніне 2 мәрте жаттығу жасап, 4 мезгіл тамақтанып, арнайы орнатылған палаткаларда түнейді. Ол жерде спортшылардың күш-қуатын және шыдамдылығын арттыруға бағытталған жаттығулар табиғи тастарды қолдану арқылы өткізілуде. Сонымен қатар құзға қарай жүгіру, ағашқа өрмелеу секілді жаттығулар жасалуда және ағаштардың арасына байланған арқандармен әртүрлі әдіс қолданып жүру жаттығулары қолданылуда. Спортшылармен бірге лагерьдегі бір күнін өткізген телеарна тілшісі Аслан Кажен