Киокушинкай каратэ өткен ғасырдың орта тұсында қалыптасты. Негізін салушы — Ояма Масутатсу. Жапониялық шебер оны жекпе-жек түрі ғана емес, өмірлік ұстаным ретінде насихаттады. Ал, Қазақстанда киокушинкай каратэ федерациясы 1992 жылы пайда болды. Ресми тіркелді, алғашқы аттестациялар өтті, жарыстар ұйымдастырылды дегендей. 1994 жылы Ояма Масутатсу көз жұмып, халықаралық ұйым қос ірі мектепке және бірнеше шағын ұйымға бөлініп кетті. Жоғарыдағы жағдай Қазақстандағы каратэға да өз ықпалын тигізді. Әсіресе, 1996 жылы отандық қауымдастық 2 федерацияға бөлінді. Сөйтіп 2010 жылға қарай «Ұлттық республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясы» қоғамдық бірлестігі пайда болды. Ал, 2011 жылдың 14-ші қаңтарында заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өтті. Сәйкесінше, кейін Киокушинкай-кан каратэ еліміздің ресми спорттар тізіміне еніп, федерация ресми акредиттелген қауымдастықтар қатарына қосылды. Биыл Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясы аяққа нық тұрып, 10-жылға толып жатыр. Айта кетсек, 2016 жылдың 7-ші қыркүйегінен бастап федерацияны Омархан Нұртайұлы Оксикбаев басқарады. Осы 10 жылдың ішінде Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясы Әлем, Азия чемпиондарын және де халықарылық сайыстарының жеңімпаздарын тәрбиледі. Айта кетсек, 2019 жылдың елордамызда өткен KWU тұжырымдамасы бойынша Әлем чемпионы болған Сабырхан Әлемгүл, 2018 жылы Азия чемпионы Садвокасов Нұрлыхан, Ұзақбай Нарқыз, Жәнібек Темірлан, Гарас Никита,2018 жылдың Болгарияда өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы Абдухаық Мағжан сияқты спортшылар топ жарып, еліміздің байрағын қорғаған. Қазіргі таңда Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясында 7000-ға жуық спортшылар тәрбиленуде, және 11 обылыс және 3 республикалық маңызы бар қалалар филиалдары жұмыс ітеп, бұл спорттың дамуына үлес қосуда.
Select Page