Құрметті спорт саласының өкілдері, қайраткерлері, ардагерлері және барлық белсенді жанкүйерлер!
Сіздерді спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елімізде салауатты өмірді насихаттауда сіңірген еңбектеріңіз шексіз. Әлемдік ірі спорттық бәсекелерде біздің елдің байрағын жоғары көтеріп жүргендеріңіз үшін шексіз алғыс білдіремін. Спорт — біздің өмірдің құрамдас бөлігі. Елордада жыл сайын жаңа заманауи спорттық объектілер салынады, олардың пайдаланылуы өскелең ұрпақтың дене шынықтыруына ықпал етеді. Сонымен қатар, жылдан жылға ашық аспан астындағы спорт жаттығу алаңдарының да санын арттырып келеді. Нәтижесінде дене шынықтырумен шұғылданушылар саны көбейіп жатыр. Баршаңызды тағы да атаулы күнмен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт және жарқын жеңістер тілейміз.Еліміздегі спорттың дамуына косқан үлестеріңіз арта беріп, қазақ елінің спорттық жетістігі көбейе берсін
Select Page