Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында 2014 жылғы 3 мамыр күні киокушинкай кан –каратэ спортынан жарты жылдық аттестация өткізілді. Атаулы бұл ісшараға 85 спортшы спорт дәрежесі бойынша ақ белбеу иегерлерінен бастап, (10-3 кю) қоңыр белбеуді иеленген спортшы каратэшілер қатысты. Аттестация 2 топтан тұрды. 1 топта 10 – 7 киокушинкай канн-каратэшілер, 2 топ бойынша 6-3 кю. арасында өткізілді.
Спортшылар 6 сағат бойы кихоне, идо-гейко и кумитэ түрі бойынша емтихан сынағын қабылдады. Бұл жарты жылдық өткізілген аттестацияны Шығыс Қазақстан облысы Киокушинкай – кан каратэ федерациясының басшысы 3 дан иегері – сэнсэй Руслан Алшымбаев (3 дан) қабылдап алды.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының Киокушинкай-кан каратэнің ең үздік мықты деген спортшылары «Барыс» Спорт клубында тест тапсырды. Келесі жарты жылдық аттестация 2014 жылы 7 мамырда Шемонаиха қаласында өткізілетін болады.