Месяц: Сентябрь 2021

Тараз қаласы «Дәулет» спорт кешенінде киокушинкай-кан каратэден оқушылар арасында командалық республикалық турнир өтті

ҚР Білім және Ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйытқы болуымен «Дәулет» спорт кешенінде киокушинкай-кан каратэден оқушылар арасында командалық республикалық турнир өтті. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған жарысқа Алматы, Тараз, Ақтау, Шымкент секілді өзге де қалалардың мықтылары қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Додада ұлдармен бірге қыздар да бақ сынады. Дуы басым жарысқа Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясы Жамбыл облысы филиалының президенті Нұрлан Кулишев арнайы келіп, спортшыларға сәттілік тіледі. Бірнеше күнге созылған каратэшілер аламаны тартысқа толы жағдайда өтті. Барлық команданың спортшылары жеңіске жету жолында аянып қалмай, барын салып бақты. Дода қорытындысында қарсыластарының барлығынан айласын асырған Жамбыл облысының спортшылары жалпыкомандалық есепте топ жарса, шымкенттіктер екінші, алматылықтар үшінші орынды иеленді. Жарыс аяқталған соң аға жаттықтырушы Жасқайрат Шейренов бұл турнир жоғары деңгейде өтті деп бағалап, Қарағандыда ұйымдастырылатын ел чемпионаты алдында спортшылардың спорттық бабына енуіне мүмкіндік бергенін тіліне тиек...

Подробнее

Киокушинкай-кан каратэден Қазақстан Республикасының Чемпионаты 2021

Ұлттық республикалық киокушинкай-кан карате федерациясы 6-8 қазан күндері арасында Қарағанды қаласында киокушинкай-кан каратеден Қазақстан Республикасының чемпионтының өтетінін хабарлайды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге және Ұлттық республикалық киокушинкай-кан карате федерациясының 10 жылдығына арналған. Чемпионаттың ережесі бойынша жарыс кумитэ және ката бөлімідері бойынша өтеді. Чемпионаттың нәтижесі бойынша киокушинкай-кан каратеден Қазақстан Республикасының ұлттық құрама мүшелері тағайындалады. Жарысқа қатысуға өтінімдер қазанның 1-не дейін тек облыстардың/ республикалық маңызы бар қалалардың аға жаттықтырушыларынан келесі электрондық мекен-жайға жіберіледі: rnffk1@gmail.com Республиканская национальная федерация киокушинкай-кан карате информирует о том, что 6-8 октября в городе Караганда пройдет Чемпионат Республики Казахстан по киокушинкай-кан карате. Мероприятие посвящено празднованию 30-летия Независимости Республики Казахстан и 10-летию Республиканской национальной федерации киокушинкай-кан карате. Согласно правилом чемпионат пройдет по разделом кумитэ и ката. По итогам чемпионата будет сформирована национальная сборная Республики Казахстан по киокушинкай-кан карате. Заявки на участие в чемпионате принимаются до 1 октября только от старших тренеров областей/городов республиканского значения и направляются по следующему электронному адресу:...

Подробнее