Ашенов Бахтияр Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясы Абай облысы филиалының президенті болып тағайындалды.

2023 жылдың 12 ақпан күні Семей қаласында ҰРККФ Абай облысы филиалының жаттықтырушылар құрамының кеңесі өтті. Жиын барысында ҰРККФ президенті Омархан Нұртайұлының атынан ҰРККФ вице-президенті Сайранбек Ербатырұлы Ашенов Бахтияр Толебайұлын Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясы Абай облысы филиалының президенті етіп тағайындады. Еңбек қызметі 1994 жылдан бастап түрлі деңгейде қаржы саласында қызметтер атқарды. 2022 жылдың тамыз айынан бастап — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ТҚКБ Абай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит басқармасының басшысы. Бүгінгі таңда ҰРККФ Абай облысы филиалында 300-ден астам спортшы жаттығады. Бапкерлер мен спортшылардың саны артып келеді, Абай облысы құрамасының мүшелері жоғары деңгейдегі жарыстарда үздік нәтиже көрсетуде. Филиал басшысы Саветов Нұрлан Талғатұлы болып табылады. Құрметті Бахтияр Толебайұлы, сізді жаңа лауазымыңызбен құттықтай отырып табысты, жемісті әрі жеңісті күндердің көп болуын...

Подробнее