Жарысқа Қарағанды, Теміртау, Көкшетау, Ақкөл, Ақжар, Петропавл және Астана қалаларынан 300-ге жуық спортшылар қатысып, бақ сынасты.
Чемпионаттың ашылу салтанатында ҰРККФ Астана қаласы филиалының президенті Ақпомбаев Иманжүсіп Латкенұлы құттықтау сөз сөйлеп, келесі спортшыларға «Спорт шебері» және «Спорт шеберіне үміткер» куәліктерін табыстады.
— Муратов Марлен;
— Балта Қанат;
— Қырғи Бибатыр;
— Исманалы Нұрсеиіт.
Аталған спортшыларды жаңа атақтарымен құттықтап, алдағы уақытта тек жеңіс тұғырынан көрінуді тілейміз.